Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының жекелей сынын аяқтады, деп хабарлады Ulyssport.kz
Ол 1/8 айналымда Омар Мұхаммади Ассармен (Мысыр) болған өте тартысты ойында жеңіліп қалды.
Есеп: 2-4 (11-8, 11-6, 10-12, 10-12, 9-11, 3-11).
Десе де Кирилл Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық ойыншыға айналды. Бұл оның 3-ші Олимпиадасы.
Бұған дейін ол 2016 жылы Рио Олимпиадасында алғашқы айналымда есе жіберсе, 2021 жылы Токио Олимпиадасында 1/16 финалға дейін жеткен болатын.
Омар Мұхаммади Араб елдері ойындарының чемпионы және күміс жүлдегері. Ол осымен 4-рет Олимпиадаға қатысып тұр.
Омар қазір әлем рейтингінде 22-ші, Кирилл 46-орында тұр. Бұл екі ойыншы арасындағы 4-ойын. Бүгін есеп теңесті (2-2).