Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бублик 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Александр Бублик спорттық жолында ATP додаларында жетінші, биылғы үшінші титулына қол жеткізді.
Ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі.
Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы Әмір Омарханов теннистен Қазақстан чемпионы атанғаны жазған едік.