Қазақстан Алматыда өткен WTT Youth Contender турнирін жеті медальмен аяқтады

Дастан Кенжалин

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлде жеңіп алды. Ел қоржынына екі күміс және бес қола медаль түсті.

Күміс жүлдені Алан Құрманғалиев (U-19) пен Злата Стадник (U-11) еншіледі.

Қола медаль иегерлері: Нұрдәулет Азаматұлы (U-13), Жәния Бекмұхамбетова (U-13), Арайлым Сапабек (U-13), Қарақат Мейірхан (U-11) және Аделя Әлжанова (U-11)