Әйелдер күресінен әлем чемпионаты: Мадхия Усманова алтын медаль жеңіп алды

Дастан Кенжалин

Қазақстандық Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Усмановаға бұл жолы тең келетін қарсылас табылмады. Финалда ол Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Ал 43 келіге дейінгі салмақта Інжу Баққожа қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек те алтын медаль жеңіп алған болатын.