Қазақстан мен Италия – Еуро жолдамасы үшін тартысқа түседі

Дастан Кенжалин

Қазақстанның футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің шешуші плей-офф кезеңінде Италиямен кездеседі. Қос кездесу нәтижесінде жеңіске жеткен құрама құрлық біріншілігіне жолдама алады, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Алғашқы матч 18 қыркүйек күні Италияның Фазано қаласындағы PalaSport спорт кешенінде өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады.

Жауапты ойын 23 қыркүйекте Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл матчтың басталуы сағат 19:30-ға жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде өз тобында 10 ұпай жинап, екінші орын алған болатын. Топта көш бастаған Армения құрамасы 16 ұпай еншіледі.

Футзалдан Еуро-2026 турнирінің финалдық кезеңі 2026 жылдың 20 қаңтарынан 7 ақпанына дейін өтеді. Доданы Словения, Латвия және Литва елдері бірлесіп қабылдайды.