Шымбергенов шыдай ма? Боксшы 2028 жылға дайындалмақ

Редакция Ulyssport

Боксшы Асланбек Шымбергенов келесі Олимпиадаға қатысатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

boxingkazakhstan

Асланбек Шымбергеновтің бұл пікірін Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Бүгін боксшы Асланбек Шымбергеновті жамбылдық жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды.

Боксшы өз тарапынан халыққа алғысын айтты және қателіктерін түзеп, келесі Олимпиадаға қатысатынын да жеткізді.

Дайындығымыз, бәрі өте жақсы болды. Ешкімге кінә артпаймын. Кінә өзімнен. Енді еңбек етеміз. Бұйырса келесі олимпиадаға қатысамын, - деді боксшы Асланбек Шымбергенов. 

Айта кетейік, бүгін, 31 шілдеде боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, Олимпиадамен қош айтысты. Осылайша құрама сапынан 3 боксшы байрақты бәсекедегі жарыс жолын аяқтады. Олар: Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг).