×

Елена Рыбакина Цинциннатиде ерік-жігер танытып жеңіске жетті

Әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

10.08.2025, 09:38
Елена Рыбакина Цинциннатиде ерік-жігер танытып жеңіске жетті
instagram.com/lenarybakina

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол екінші айналымда әлемнің 68-ракеткасы, мексикалық Рената Сарасуаны 4:6, 6:0, 7:5 есебімен жеңді

Рыбакина fлғашқы сетте жеңіліп қалғанымен, екінші сетте толық үстемдік орнатты. Шешуші партияда қазақстандық спортшы тартысты сәттерде сабыр сақтап, жеңісті жұлып алды да, 1/8 финалға шықты.

ТУРНИР ТУРАЛЫ

Турнирдің жүлде қоры — 5 152 599 доллар. Чемпион 752 275 доллар және 1000 рейтингтік ұпай иеленеді. Рыбакина былтыр екінші айналымда канадалық Лейла Фернандеске жол берген еді.

Турнирдің қазіргі жеңімпазы — Беларусь спортшысы Арина Соболенко.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр