×

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінде әлемнің 1-ракеткасын ұтты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 10:01
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінде әлемнің 1-ракеткасын ұтты
WTA

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенконың ұтты.

Бірінші партияда Елена бет қаратпады - 6:1. Екінші сетті жеңіспен түйіндеді - 6:4.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнайды.

Новости партнеров