Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Қытайдың Сяси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Екеуі де қола жүлде болды.

Үшінші орынға Анастасия Ананьева мен Александр Куликов көтерілді. Олар каное жалғыз дисциплинасында жүлдегер атанды.

Айта кетейік, қазақстандықтардың қоржынында қазір үш жүлде бар. Бұған дейін Екатерина Таранцева (байдарка жалғыз) күміс медаль иеленген еді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық таеквондошылар Kazakhstan Open турнирінде көш бастаған еді.