Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық спортшы “жылдамдық” бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
Бірінші орынды Қытай спортшысы Цзянь Го Лун иеленді. Екінші болып Индонезия өкілі Киромал Катибин мәреге жетті.
Әмір Маймұратов - 15-орын, Бекнұр Алтынбеков - 23-орын, Дамир Тоқтаров - 28-орынға тұрақтады.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алғанын жазған едік.