Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен "Челленджер" санатындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Финалда Скатов италиялық Стефано Травальяны 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл жеңіс оған 75 рейтингтік ұпай әкеліп, ATP рейтингінде 193-орынға көтерілуіне мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Скатов 2022 жылы Пармада, ал 2024 жылы Аугсбургте өткен “Челленджер” турнирлерінде топ жарған еді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыққан еді.