Тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстанның құрамы

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Апелдорн (Нидерланд) қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Әлем біріншілігі 20 тамыздан 24 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстан атынан чемпионатқа бес спортшы қатысады.

Құрам:

- Динара Көпжасарова

- Аркадий Шемет

- Диас Базарбеков

- Аружан Қабдулова

- Данил Журавский