21-24 тамыз аралығында Швецияның Мальмё қаласында үстел теннисінен Europe Youth Smash - Sweden 2025 халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстан атынан 19 жасқа дейінгі санатта Алан Құрманғалиев бақ сынайды.
Негізгі кезеңге жолдама алу үшін ол өз тобында польшалық Марсель Блашчикпен, жапониялық Шунто Иваидамен және қытайлық Ван Цзынинмен кездеседі.