Анна Стратан әйелдер күресінен U20 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Дастан Кенжалин

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды. 

Шешуші белдесуде Стратан Швеция спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.