Қазақстан футболының жас жұлдызы Дастан Сәтпаев ислам дінін берік ұстанатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл туралы ол Nobel-ге берген сұхбатында бөлісті.
- Каспийге қарсы ойынға 20-шы минутта шықтым. Себебі намаз оқыдым. Намаздың уақыты әрдайым бірдей емес, кейде жаттығу кезінде кіріп қалады. Сол кезде біз жаттығудан кейін оқимыз. Біз күніне екі емес, бес уақыт намаз оқимыз. Біріншіден, бұл маған рухани тұрғыдан қатты көмектеседі. Барлығы жаратушыдан екенін білемін және осының қолдау беретінін сезінемін. Мысалы, Еуропаның бір клубы мені назарға алуын дұғаға қосқанмын. Соңында тілегім орындалды, – деді жас шабуылшы.
Айта кетейік, Дастан 18 жасқа толған соң «Челси» клубына ауысатын болады.