Балуан Диас Сейітқалиев U20 санатындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.

UWW

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шешуші белдесуде Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 23 тамызда Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.

Еске салайық, бұған дейін байдарка және каное есуден Қазақстан құрамасының өкілі Сергей Емельянов Италияның Милан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.