Арсен Жұма грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық Арсен Жұма грек-рим күресінен Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

UWW

ТОЛЫҒЫРАҚ

Балуан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Жұма Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.