Соңғы жылдары Қазақстан атынан ойнап жүрген Александр Шевченко АҚШ ашық чемпионатының бірінші күні испандық Алехандро Давидович-Фокинадан ұтылып қалды, деп хабарлайды ulyssport.kz
Кездесу бір жарым сағатқа жетпей аяқталды. Әлемнің 18-ракеткасы Фокина Шевченконы 6:1, 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Испан теннисшісі екінші айналымда Роберто Карбальес-Баэна (Испания) мен Артюр Риндеркнеш (Франция) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Еске сала кетейік, Александр Шевченко азаматтығын ауыстырғанға дейін 2024 жылдың ақпанына дейін Ресей намысын қорғаған болатын.