Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі өтеді

Дастан Кенжалин

29-31 тамыз аралығында Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Турнир «Шабыт» жазғы амфитеатр аумағында орналасқан трассаларда ұйымдастырылады. Оған оннан астам елдің ұлттық құрамалары қатысады. Жүлделер үшін Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея және басқа да мемлекеттердің спортшылары сынға түседі.

Медальдар «жылдамдық» және «қиындық» санаттарында сарапқа салынады.