Париж-2024. Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Редакция Ulyssport

1 тамызда Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың 4 түрінен сайысқа түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Садақ ату

12:30-16:25, 18:30-22:25. Жекелей сын. Ерлер. Іріктеу.

Дәулеткелді Жаңбырбай – Х. Энрикес (Колумбия)

Александр Еременко – Б.Аддис (Франция)

Нысана көздеу

15:00-16:30. Үш позиция. 50 метр. Әйелдер. Іріктеу. Арина Алтухова, Александра Ле

Дзюдо

13:00-17:00 (Іріктеу), 19:00-22:00 (Финал). 100 келі. Нұрлыхан Шархан – Тома Никифоров (Бельгия)

Бокс

14:00-16:25. 50 келі. Әйелдер. 1/8 финал. Назым Қызайбай – К.Барбоса (Бразилия)

16:30-21:10. 63,5 келі. Ерлер. 1/4 финал. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Лаша Гурули (Грузия)

23:00-1:25. 92 келі. Ерлер. 1/4 финал. Айбек Оралбай – Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзербайжан).

Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал. 

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. 

Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының жүлдесі өзгерген жоқ. Әзірге 1 алтын, 2 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде 15-орынға жайғасты.