Таеквондодан Оңтүстік Кореяда өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды

Дастан Кенжалин

28-31 тамыз аралығында Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан Гран-при сериясының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Оған Қазақстан құрамасы қатысады. Төменде құрам тізімі берілген.

Ерлер:

- Тамерлан Тілеулес (58 келіге дейін)

- Асқар Өтеген (58 келіге дейін)

- Жавохирхон Исламов (58 келіге дейін)

- Дамир Шуленов (68 келіге дейін)

- Нұрбек Ғазез (68 келіге дейін)

- Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін)

- Абдурахмон Марипов (80 келіге дейін)

- Ерасыл Орынбасар (80 келіге дейін)

- Бейбарыс Қаблан (80 келіден жоғары)

- Бауыржан Хасенов (80 келіден жоғары)

Әйелдер:

- Нодира Ахмедова (49 келіге дейін)

- Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін)

- Мария Севостьянова (57 келіге дейін)

- Камила Аймұқашева (57 келіге дейін)

- Нұрай Хусайнова (67 келіге дейін)

- Назым Махмұтова (67 келіден жоғары)

Айта кетейік, турнир аясында рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.