Александр Бублик АҚШ-тың Нью Йорк қаласында өтіп жатқан US OPEN турнирінің екінші айналымына өтті. Бұл жерлесіміздің 2022 жылдан бергі аталмыш жарыстағы алғашқы жеңісі, деп хабарлайды ulysssport.kz
2014 US OPEN чемпионы, хорват теннисшісі Мари Чиличпен өткен кездесуде Бублик үш сеттің үшеуінде де басым болды. Есеп 6:4, 6:1, 6:4.
Қазақстандық теннисші бүгінгі ойында 16 эйспен көзге түсіп, 9 брейк пойнттың 4-ін сәтті орындады. Ал қарсыласы Чиличтің еншісінде 4 эйс, 2 брейк пойнт. Бірақ брейк жасай алмады.
Александр Бублик үшінші айналым жолдамасын Сонего мен Скулкейт арасындағы кездесудің жеңгенімен сарапқа салады.