Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасына жолдама үшін өткен ойында «Селтикті» жеңді. Матчтың басты жұлдызы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков болды, деп хабарлайды Ulyssport.
21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков 2003 жылғы 14 қазанда Атырау облысының Водников кентінде дүниеге келген. Ол «Қайрат» академиясының түлегі.
2025 жылғы 26 тамызда Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта шотландиялық «Селтикке» қарсы кездесуде (негізгі уақыт – 0:0, пенальти сериясы – 3:2) Анарбеков үш соққыны қайтара отырып, «Қайратқа» турнир тарихында алғаш рет топтық кезеңге жолдамаға өткізді.
Бұған дейін ол «Атырау» жасөспірімдер командасында ойнаған, кейін «Қайрат» академиясында шыңдалып, 2022 жылы негізгі құрамға қосылды. 2024 жылы бір маусымды «Женис» клубында арендада өткізді.
Қазір 21 жасында Темірлан Анарбеков қазақ футболының басты есімдерінің біріне айналып, «Қайраттың» тарихи жетістігінің символы болып отыр.
Еске салайық, күні кеше “Қайрат” тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері плей-офф кезеңінде Шотландияның 55 дүркін чемпионы “Селтик” клубын тізе бүктіріп, тарихи нәтиже тіркеді.
Осылайша, алматылық ұжым Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған екінші қазақстандық команда атанды.