Садақ ату бәсекесінде екінші отандасымыз жарыс жолынан шықты, деп хабарлады Ulyssport.kz
Отандасымыз Дәулеткелді Жаңбырбай садақ атудан жекелей сынның іріктеуінде Хорхе Энрикестен (Колумбия) 3:7 (28:29, 26:26, 27:28, 28:26, 27:29) есебімен жеңілді.
Бұған дейін ұлттық құраманың көшбасшысы Ильфат Абдуллин де жарыстан шығып қалған болатын.
Енді кешке жекелей сында Александр Еременко сынға түседі.