Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Алматыда өткен Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Отандасымыз «жылдамдық» санатында үздік атанды.
Финалда Хайбуллин жапониялық спортшы Цукики Онишиден басым түсті. Үшінші орынға Ре Омаса (Жапония) ие болды.
Әйелдер арасында Анна Баларшина мәреге бірінші болып жетті. Ол финалда отандасы Тамара Ұлжабаеваны қапы қалдырды. Үздік үштікті қазақстандық Аделия Өтешева түйіндеді.
Еске салайық, бұған дейін Әділжан Жаудинов дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған едік.