Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open 1/8 финалында чехиялық, әлемнің 60-ракеткасы Маркета Вондроушовадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл кездесуде Рыбакина айқын фаворит саналған еді, алайда үш сет қорытындысы бойынша қарсыласына есе жіберді — 4:6, 7:5, 2:6. Осылайша, Елена US Open турнирінің ширек финалына өте алған жоқ.
Елена Рыбакина бұған дейін US Open-2025 жарысында америкалық Джульетта Пареханы (335-орын) — 6:3, 6:0 есебімен, чехиялық Тереза Валентовты (96-орын) — 6:3, 7:6 есебімен және ұлыбританиялық Эмма Радукануды (36-орын) — 6:1, 6:2 есебімен ұтқан еді.
Сондай-ақ ол "Үлкен дулыға" турнирлерінің бәрінде жекелей сында 1/8 финалға шыққан қазақстандық алғашқы теннисші атанды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алғаш рет US Open турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған едік.