Қазақстан волейболдан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатын аяқтады

Дастан Кенжалин

Қытайдың Цзянмэнь қаласында волейболдан жастар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы 1/8 финалға дейін жетіп, Францияға жол берді. Осыдан кейін отандастарымыз 9-16 орындар үшін күресті.

Алдымен қазақстандық волейболшылар Болгарияға (2:3) есе жіберді. Алайда одан кейін Аргентинаны (3:2) жеңді.

Соңғы матчта Қазақстан құрамасы Мысырға (0:3) есе жіберіп, әлем чемпионатын 14-орынмен аяқтады.