Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатына жеребе тарту рәсімі өтіп, оның нәтижесінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.
Ерлер
50 келіге дейін
Санжар Тәшкенбай - Хутайфа Ешиш (Иордания)/Луис Руни (Ирландия) жұбының жеңімпазы
55 келіге дейін
Махмұд Сабырхан - Брайан Ортис (Мексика)/Амир Мохаммади (Бельгия) жұбының жеңімпазы
60 келіге дейін
Бейбарыс Жексен - Джунмилардо Огайре (Филиппин)/Лай Чу Эн (Қытай Тайбэй) жұбының жеңімпазы
65 келіге дейін
Ертуған Зейнуллинов - Уго Гро (Франция)
70 келіге дейін
Төрехан Сабырхан - Юсеф Яиче (Алжир)
75 келіге дейін
Сабыржан Аққалықов - Павло Илюша (Украина)/Мухаммад Нурани (Иран) жұбының жеңімпазы
80 келіге дейін
Нұрбек Оралбай - Матвий Ражба (Украина)/Бен Эхис (Германия) жұбының жеңімпазы
85 келіге дейін
Бекзат Нұрдәулетов - Георги Кушиташвили (Грузия)/Петар Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазы
90 келіге дейін
Сағындық Тоғамбай - Айзек Окох (Англия)
90 келіден жоғары
Айбек Оралбай - Довлет Исламов (Түрікменстан)/Мусахит Ильяс (Түркия) жұбының жеңімпазы
Әйелдер
48 келіге дейін
Назым Қызайбай - Лам Хон Ки (Гонконг)/Лилия Зелецки (Венгрия) жұбының жеңімпазы
51 келіге дейін
Алуа Балқыбекова - Мун Гён (Оңтүстік Корея)/Фатима Мансури (Алжир) жұбының жеңімпазы
54 келіге дейін
Элина Базарова - Нигина Уктамова (Өзбекстан)
57 келіге дейін
Карина Ибрагимова - Панагиота Кузилоу (Грекия)
60 келіге дейін
Виктория Графеева - Доньета Садику (Косово)
65 келіге дейін
Аида Әбікеева - Луца Хамори (Венгрия)
70 келіге дейін
Наталья Богданова - Тхокчом Суприя Деви (Үндістан)/Дитте Фростхольм (Дания) жұбының жеңімпазы
75 келіге дейін
Надежда Рябец - Ван Лина (Қытай)
80 келіге дейін
Гүлсая Ержан - Ивета Лесинцките (Литва)
80 келіден жоғары
Елдана Тәліпова - Грейс Бакл (Англия)/Селин Ли-Ло (Жаңа Зеландия) жұбының жеңімпазы
Айта кетейік, әлем чемпионаты 4 қыркүйекте басталады.