US OPEN JUNIORS: Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда

Ерик Ильясов

US OPEN аясында өтіп жатқан жасөспірімдер турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы ресейлік Тимофей Дерепасконы 6:2, 6:4 есебімен ұтты, деп хабарлайды ulyssport.kz

ITF

Финал жолдамасын жарыстың бірінші нөмірлі қатысушысы, Уимблдон чемпионы Иванов (Болгария) пен Шоенхаус (Германия) арасындағы матчтың жеңімпазымен сарапқа салады.