Үстел теннисі: қазақстандықтардың плей-оффтағы нәтижелері

Дастан Кенжалин

Алматыда үстел теннисінен WTT Contender турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Кезекті жарыс күнінде бірнеше қазақстандық спортшы плей-офф кезеңінде өнер көрсетіп, жеңіске жетіп, турнирлік кестеде жоғарылады.

Алан Құрманғалиев аустралиялық Хван Бейді 3:0 есебімен ұтып, 1/8 финалда Қытай спортшысы Чен Юнсонмен өзара мықтыны анықтайды.

Аралас жұптық сайыс, 1/8 финал.

Владислав Захаров пен Ангелина Романовская Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадированы 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде олар қытайлық жұп Сюэ Фэй мен Цянь Тяньимен кездеседі.

Ерлер арасындағы жұптық сайыс, 1/8 финал.

Ескендір Харки мен Ырысбек Артықметов вьетнамдық Нгуен Ань Ту және мексикалық Лайан Нойман жұбын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда қазақстандықтар жапониялық Сорри Мацусима мен Сюнсуке Тогамиге қарсы ойнайды.