Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Надежда Рябец бұл кезеңде қытайлық Лина Уангпен жұдырықтасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қытай елінің өкілі төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Элина Базарова (54 келіге дейін) әлем чемпионатын аяқтаған болатын.