Қазақстандық боксшылар Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
МАХМҰД САБЫРХАН
2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде Брайан Ортиспен (Мексика) қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.
НҰРБЕК ОРАЛБАЙ
Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады.
Жерлесіміз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.
Нұрбек алғашқы айналымда Матвей Ражбамен (Украина) өзара мықтыны анықтады.
Отандасымыз бірінші раундтан-ақ тізгінді қолына алып, жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.