Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савинье қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол 250,7 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың жеңімпазы - польшалық Адам Нижник (268,3 ұпай), ал екінші орынға словениялық Эней Фалетич (266,1 ұпай) тұрақтады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшылар Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткенін жазған едік.