Гүлсая Ержан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Дастан Кенжалин

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Гүлсая Ержан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ивета Лесинцкитемен (Литва) кездесті.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Гүлсая Ержан үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті суырып алды. Қорытынды есеп: 3-2.