Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Ulyssport.
Жерлесіміз 90 келіден жоғары салмақтың 1/8 финалында түркиялық Мусахит Илиаспен өзара мықтыны анықтады.
Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.