Теннис: Басты фаворит саналған Ига Швентек жарыстан шығып қалды

Ерик Ильясов

Теннистен әйелдер бәсекесінде чемпиондыққа басты үміткер Ига Швентек жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

ITF

Теннистен Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлемдік рейтингтегі көшбасшы Ига Швентек Қытай спортшысы Синвэнь Женнен 2:6, 5:7 есебімен жеңілді.

Бұған дейін қос теннисші 6 мәрте кездесіп, барлығында Ига басым түскен болатын. 

Неге нәтиже сенсация саналады?

Ига Швентек – Францияда өтетін Roland Garros үлкен дулыға бәсекесінде 2022, 2023, 2024 жылдары қарсылас шыдатпай, чемпиондық атақты жеңіп алған.

Енді атақты теннисші 3-орын үшін Анна Шмидлова (Словакия) – Донна Векич (Хорватия) жұбының қай жеңілгенімен ойнайды.

Айта кетейік, теннис турнирі 27 шілде – 4 тамыз күндері аралығында өтеді.