Семсерлесуден Азия кубогы: Қазақстан үш медаль жеңіп алды

Дастан Кенжалин

Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ауқымды турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медальға қол жеткізді. Барлығы - қола жүлде.

Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.