Бекзат Нұрдәулетов бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатын аяқтады

Дастан Кенжалин

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Былғары қолғап шебері 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Бекзат бұл кезеңде Грузия елінің өкілі Георгий Кушиташвилимен өзара мықтыны анықтады.

Алғашқы үшминуттықта отандасымыз басым түсті. Дегенмен Грузия елінің боксшысы екінші және үшінші раундта басымдық танытып, 3:2 есебімен жеңді.