Көркем гимнастикадан Чехияда өтетін Гран-приге қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Дастан Кенжалин

Брно қаласында (Чехия) көркем гимнастикадан Гран-при сериясының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бұл беделді халықаралық турнирде Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, жарыс 12-14 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.

Айбота Ертайқызы жақында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Алайда ол финалға жолдама ала алмады.