Боксшы Елдана Тәліпова Ливерпульдегі әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады

Редакция Ulyssport

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елдана Тәліпова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық боксшы 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Елдана Тәліпова жартылай финалда Польша елінің өкілі Агата Качмарскамен жұдырықтасты. 

Жекпе-жек қорытындысы бойынша польшалық боксшы финалға өтті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі қола жүлде бар. Бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.

Еске салайық, бұған дейін Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өткенін хабарлаған едік.