Назым Қызайбай бокстан әлем біріншілігінің алтын медалі үшін бақ сынайды

Редакция Ulyssport

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Назым Қызайбай 5:0 есебімен басым түсті. Екінші кезең 2:3 есебімен өзбекстандық боксшының пайдасына аяқталды. Дегенмен үшінші үшминуттықта қазақстандық жеңісті суырып алды.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем біріншілігінің финалына өтті.

Еске салайық, бұған дейін Аида Әбікеева бокстан әлем чемпионатының финалына өткенін хабарлаған едік.