Қазақстандық балуандар Загребтегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Редакция Ulyssport

Загребте (Хорватия) еркін күрестен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Төрт қазақстандық балуанның үшеуі алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті.

70 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов 1/8 финалда америкалық Питер Дюкті ұтты.

61 келіге дейінгі салмақта Асылжан Есенгелді Нильс Леутертті (Швейцария) жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы - аустралиялық Георгий Окороков.

86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда литвалық Паулис Лескаускасты ұтып, 1/8 финалда Беларусь балуаны Магамедхабиб Кажымагомедовпен кездеседі.

Ал 125 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлішер Ерғали болгариялық Ален Хубуловтан жеңіліп қалды.