Ширек финалдағы алғашқы боксшымыз есе жіберді, деп хабарлайды Ulyssport.kz
92 келіде сынға түскен Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалында Әзербайжан өкілі Лорен Альфонсо Домингестен 2:3 есебімен жеңілді.
Жерлесіміз алғашқы раундты өз пайдасына шешкенімен, қалған уақытта қарсыласына жол беріп қойды.
Отандасымыз осыған дейін Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада топ жарған (2018) және 2022 жылғы Азия чемпионы.
Ал Лорен Альфонсо Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ ол - 2021 жылғы әлем чемпионы.