Шанхай Мастерс: Бублик Қытайдағы жарыстың екінші айналымында сүрінді

Редакция Ulyssport

Бублик ресейлік теннисші Роман Сафиуллинге қарсы ойнап, турнирдің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ulyssport.kz 

ATP

Сафиуллин екінші айналымда қазақстандық теннисші Александр Бубликті 6:4, 6:2 есебімен ұтты. 

Келесі айналымда Роман Сафиуллин америкалық Фрэнсис Тиафо (АҚШ) пен қытайлық Йи Чжоу арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, Шанхайдағы ATP-1000 турнирі 2-13 қазан аралығында өтеді. Жүлде қоры 8 995 555 долларды құрайды, былтырғы турнирдің жеңімпазы - поляк теннисшісі Хуберт Хуркач.