Нодира Ахмедова таеквондодан Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды

Дастан Кенжалин

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Ахмедова Болгария спортшысы Александра Георгиеваны 2:1 есебімен ұтты.

Ал шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы Испания өкілі Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді.