Юлия Путинцева Уимблдонда сенсация жасады

Ерик Ильясов

Қазақстанның екінші ракеткасы Уимблдон турнирінің үшінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтып кетті, деп хабарлайды ulyssport.kz

Ашық дереккөз

Бірінші кортта өткен матч үш сетке созылды. Жақында ғана Бирмингем турнирінің жеңімпазы атанған Юлия Путинцева алғашқы сетті 3:6 есебімен беріп қойды. Алайда екінші сетте қарсыласына еш мүмкіндік берместен 6:1 есебімен ойынды шешуші үшінші сетке созды. Екі брейк айырмасымен алға шыққан қазақстандық спортшы 6:2 есебімен матчты аяқтады. Жалпы есеп 3:6, 6:1, 6:2. Ойын барысында Польшалық теннисші 5 рет эйс жасады.

Путинцеваның төртінші айналымдағы қарсыласы Латвия теннисшісі Алена Остапенко.