Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Қытайдағы турнирде әлем чемпионымен кездеседі

Дастан Кенжалин

Қытай астанасы Бейжіңде үстел теннисінен China Smash 2025 ірі халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Іріктеудің алғашқы айналымында қазақстандық Кирилл Герасименко Мальта өкілі Амирреза Аббасиді жеңді.

27 қыркүйекте ол екінші айналымда Швеция спортшысы, әлем чемпионатының жұптық сайысында жеңімпаз әрі жекелей сында күміс жүлдегер атанған Маттиас Фалькпен кездеседі.

Айта кетейік, Герасименко мен Фальк Германияның «Вердер» клубында бірге өнер көрсетеді.