Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирінің екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Әділет Алмат финалдық кезеңге өтті.
Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Есито Ходзеге есе жіберді. Енді дзюдошы қола медаль үшін Түркия өкілі Ведат Албайракпен белдеседі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан дзюдодан Қытайдағы Гран-при жарысының алғашқы күнін жүлдесіз аяқтағанын хабарлаған едік.