Академиялық ескек есу: Владислав Яковлев 25-орынға тұрақтады

Редакция Ulyssport

Академиялық ескек есуден Ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында соңғы жарысына қатысты, деп хабарлайды Ulyssport.kz
 

Ол Е тобының финалында мәреге бірінші жетті. Уақыт көрсеткіші - 6:59.43 секунд. 

Осылайша, Владислав Париждегі ойындарды жалпы есепте 25-орынмен аяқтады. 

Айта кетейік, Яковлев үшін бұл 4-ші Олимпиада. 

Бұған дейінгі көрсеткіштері:

Лондонда Олимпиадасы. 28-орын
Рио Олимпиадасы. 31-орын
Токио Олимпиадасы. 19-орын