Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдағы Гран-при турнирін жүлдесіз аяқтады

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бұл ірі халықаралық жарыста ел намысын сегіз спортшы қорғады.

Әділет Алмат жүлдеге бір қадам жақын болды. Ол 81 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін белдескен болатын.

Алайда қазақстандық спортшы түркиялық Ведат Албайраққа есе жіберіп, нәтижесінде бесінші орынға тұрақтады.